wpthemepostegraund

Адамдарды құбыжыққа айналдырып жіберген хирург сотталды

Источник: nur.kz

Бразилияның 40-тан аса тұрғыны өздерінің келебтін адам танымастай етіп өзгерткен пластикалық хирургты өмір бойына лицензиядан айыру үшін сотқа берген. Оннан аса жәбірленуші безеуден қалған тыртықтарды кетіреміз деп ота жасатып, құбыжыққа айналған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Батыс Бразилияның Гояна қаласында 40-тан аса науқас Уэсли Мураками есімді хирургты беттеріне улы препарат енгізді деп айыптауда. Бұл дәрі бет ісігіне алып келген.

Сонымен қатар, ер адамның тиісті біліктілігі болмағаны анықталған.

Кейбір науқастар дәрігердің беттерін қалай өзгерткенін көрсетіп, суретке түсірген. Олар хирургтың өмір бойына лицензиядан айырылуын талап етуде.

Есімін құпия сақтауды жөн көрген 35 жастағы ер адам бетіндегі тыртықтардан арылу үшін биопластика жасатуға бел буған.

Хирург препаратты енгізгеннен кейін науқас төрт жыл бойы емделген, бірақ жүзін бұрынғы қалпына сол күйі қайтара алмаған.

"Уэсли дәрігер бетімнің әдемі болатынын, тыртықтардың ізі де қалмайтынын айтты. Бірақ нәтиженің өмір бойына сақталатынын ескертпеді. Мен ол ботокс сияқты уақыт өте өзі тарап кетеді деп ойлағанмын", — деді жәбірленуші.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.