wpthemepostegraund

Қатерлі дертпен бір жылдан аса уақыт күресіп жүрген үш баланың анасы жайлы білесіз бе? (фото)

Источник: nur.kz

Алматылық Айнұр Сүлейменова осыдан бір жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан. Үш баланың анасы ондаған химия терапияны артта тастап, екі ота жасатқан. Жас келіншектің ендігі арманы – дертінен құлан таза айығу. Ауруға бой алдырмай, қайтпас қажырлық танытып келе жатқан жанмен NUR.KZ тілшісі әңгімелесіп қайтты.

Алматылық Айнұр Сүлейменоваға бүгінде тағы да шұғыл түрде тексерістен өту қажет. Қатарынан бірнеше химиялық ем мен екі ота жасатқан ана Кореяға барсам дейді. Алайда жат елге барып ем алу үшін, қыруар қаражат керек екен.

"Бұл дертпен күресіп келе жатқаныма бір жылдан астам уақыт өтті. Алдымен Алла, кейін жолдасым мен қазақстандықтардың арқасында осы күнге дейін аман-есен жүріп келемін. Өткенде желтоқсан айында ғана ота жасатқан едік. Сол кезде тілшілер хабарласып, қандай көмек керек деп сұраған.

Мен "дертімнен" құлан-таза айығамын, ештеңенің қажеті жоқ деген едім. Бірақ отадан кейін денсаулығым әлсіреп, сүйектерім қатты сыздап ауыратынды шығарды.

Тіпті кейде жанымды қоярға жер таппай кетемін. Сөйтіп бүкіл ағзама ПЭТ (ред. позитронды-эмиссионды томография) жасатамын ба деп отырғанмын. Алайда көпшілік Кореяға баруға кеңес берді. Тіпті арнайы клиникадан хабарласып, кеңес бергендер де бар. Бірақ барып, ағзада жаман дерт бар ма, жоқ па тексерту үшін, біраз ақша керек екен.

Жолдасымның жұмысы бар, бірақ қазір маған және балаларға қарайласамын деп, жұмыстан да жиі қалатын болды.

Осы күнге дейін бізге түсіністікпен қарап отырған жұбайымның жұмысы мен басшылығына зор алғысымды айтамын. Ал үйімізді сатайық десек, өтпей тұр. Ауылға келгісі келетін адамдар үлкен аумақта тұрған үйді алғылары келеді екен",-деп қынжылды үш балалы ана.

Қатерлі дертпен бір жылдан астам уақыт бойы күресіп келе жатқан анаға шұғыл түрде қаражат керек.

Сүйектері қақсайтынын айтқан Айнұр Сүлейменова ағзасын толығымен тексеру қажет дейді.

"Осы ПЭТ-ті аман-есен өтіп кетсем деймін. Сүйектерім денсаулығым әлсірегеннен сыздайды деп ойлағым келеді және осы дерттен толығымен айықтым деп аңсаймын, армандаймын. Көпшілік мені дұрыс түсінсе екен деймін. Қазақстандық мамандарға қарағанда, Оңтүстік Кореяда ағзаны толығымен тексеруге болады. Сол себепті көптен тағы да көмек сұрауға мәжбүрмін.

"Осы күнге дейін маған қолдау білдірген барша қазақстандықтарға, мейірімді жандарға үлкен алғыс білдіремін.

Барлық жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын, алдымен құдай, кейін сіздердің арқалырыңыздың арқасында осы күнге дейін өмір сүріп келемін", — дейді үш баланың анасы.

Айнұр Сүлейменоваға көмектесемін дейтіндер келесі карта номерлеріне ақша аудара алады:

    КАSPI GOLD 5169493100856007

Сүлейменова Айнұр Қабылқақызы

    ИИН 820701401432СБЕРБАНК 4424771012264095

Киви әмиян 87078536253

Билайн номері банк картасына тіркелген +77778536255

    ЦЕНТР КРЕДИТ 4667209620942154, Мырзахметов Дастан Мырзахметұлы(жолдасы) ИИН 820721300992ХАЛЫҚ БАНК 4402573556822098
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.