wpthemepostegraund

Ұлыбритания тұрғыны 11 жыл бойы құлағында оқ барын білмеген (фото)

Источник: nur.kz

Ұлыбритания тұрғыны Джейд Харрис құлағында оқ барын 11 жыл бойы байқамаған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

28 жастағы Джейд Харрис 10 жылдан астам уақыт теледидарды бар дауысымен көріп, бір сөзді бірнеше қайталап сұрап, қатты сөйлеп, айналасындағы адамдардың мазасын алған.

"Өзімді естімегендіктен, қатты сөйлейтінмін", — дейді Харрис.

2018 жылы бойжеткеннің құлағына су кіріп, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Құлағын тексерген дәрігер, онда беймәлім заттың тұрғанын анықтаған. Өз кезегінде ақ халаттылар шаңсорғышқа ұқсайтын құрылғының көмегімен бөгде затты алып шыққан.

Белгілі болғандай Харристің құлағында 11 жыл бойы пластик оқ тұрған.

"Ол шыға салысымен, өзімді жақсы сезіндім. Есту қабілетім бірден жақсарды", — дейді бойжеткен.

Оқты көрген кезде Джей Харрис оның құлағына қалай кіргенін есіне түсірді.

"Бала кезімде достарыммен ойыншық тапаншамен ойнағанбыз. Біз жан-жаққа оқ атып жүргенде, бір оқ стақанға тиіп, құлағымды жанжып, қайта түскендей болған", — дейді Джейд Харрис.

Бойжеткеннің сөзінше, алғашында құлағы қатты ауырған, бірақ сосын басылып кеткен. Дегенмен сол сәттен бастап оның өмірі түбегейлі өзгерген.

Қыз бала дыбыстарды естімегендіктен хауызға баруды қойып, шулы шараларға қатыспайтын болыпты.

Қазір оның есту қабілеті қалпына келді.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.