wpthemepostegraund

Түркістан облысында жеті ай бойы жан азабын тартқан тұрғынның ішінен дәке шықты

Источник: nur.kz

Түркістан облысы тұрғынының ішінен дәрігерлер дәке алып шыққан. Бұл туралы журналист Қанат Жүнісбеков әлеуметтік желідегі парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан жеті ай бұрын журналистің інісіне Шымкент қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында соқыр ішегіне дәрігерлер ота жасаған. Алайда, содан кейін жеті ай бойы науқастың жағдайы жақсара қоймаған.

Жаны көзіне көрініп, қиналған жігіт ауылдағы ақ халаттыларға барып тексеріледі. Жеті ай бұрынғы отаның орнын қайта ашқан ауылдық дәрігерлер науқастың ішінен дәке алып шыққан.

"Тамызда еншілес інімнің соқыр ішегіне Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында операция жасалған еді. Ол кездегі қорлықты қоя бер. Әйтеуір жан аман деп шүкіршілік еткен едік. Содан бергі жеті ай бойы бауырымның жан азабын айтып жеткізе алмаймын. Ауруы жанына қатты батқан соң ауылдағы жас маманға барған. Операцияның орнын қайта ашып көрген дәрігердің өзі талып қала жаздады. Інімнің ішінен дәке шықты жазылмай, іріңдеп жүргені сол екен. Ота жасап қалдықты алған дәрігер әріптестерінен жөн сұраймын деп сөз естіпті. Міне біздің ақ халаттылар", — деп жазды наразылығын білдірген журналист.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы "Бұл мәселе бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесі қосымша әлеуметтік желіде хабарланатындығын" айтып жауап берді.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.